Иракта ауызсудан 111 адам уланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Иракта ауызсудан 111 адам уланды

15.10.2018

Иракта қыркүйектің басынан бері ауызсудан уланғандардың саны 111-ге жетті. Оқиға елдің оңтүстігіндегі Басра провинциясында болған. Жапа шеккендердің арасында мектеп оқушылары да бар. Ал, қыркүйекте ішуге жарамсыз судан 27 адам ауруханаға түскен. Содан бері олардың саны артып келеді. Шілдеден бері Ирактың бірнеше қаласында коммуналдық қызмет көрсету сапасының нашарлығына қарсы шерулер өтіп жатыр. Кувейт болса, Иракқа көмек ретінде су тұщыландыратын қуатты 4 қондырғы жөнелтпек.

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу