Киевте ұлтшылдар маршына мыңдаған адам қатысты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Киевте ұлтшылдар маршына мыңдаған адам қатысты

15.10.2018

Халық осылайша Отан қорғаушылар күні мен Степан Бандера негізін қалаған Украина көтерілісшілер армиясының 76 жылдығын атап өтті. Шерулеткен жұрт мемлекет туымен қоса, «Ұлтшылдар» партиясы мен «Свобода» партиясының жалауларын да көтеріп, түрлі патриоттық ұрандар айтты. Украинада оңшылдар мен ұлтшылдар қозғалысы 2014 жылы Ресей Қырымды өзіне қосып алғаннан кейін күшейіп келеді. Себебі, бұл ұйымдардың мүшелері Донбасстағы ресейшіл сепаратистермен соғысқа бірінші болып аттанды. Жергілікті халықтың көбі үшін Степан Бандера - тәуелсіздік үшін күрескен батыр. Алайда, Ресей, Израиль, Польша сияқты елдер Бандераны террорист әрі фашистердің сыбайласы болған деп есептейді.

Мақпал СЕРЖАНҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу