Қытайда тасқын мен лай көшкіні салдарынан 30 мыңдай адам көшірілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қытайда тасқын мен лай көшкіні салдарынан 30 мыңдай адам көшірілді

15.10.2018

Қытайдың оңтүстігінде тасқын мен лай көшкіні салдарынан 30 мыңдай адам эвакуацияланды. Сычуань провинциясында қауіп төнген аудандарда мектептерде дәріс беру тоқтатылып, 300-ден астам оқушы сабаққа бармауға  мәжбүр. Қазір провинциядағы ең ірі көпірге де қауіп төніп тұр. Жергілікті билік тұрғындарды жақын маңдағы Тонгу қаласына көшіріп жатыр. Соңғы деректер бойынша, тасқынға тоқтаусыз жауған қар аралас жаңбыр себеп болып отыр. Ауа райын болжаушылар өңірде алдағы аптада күн суытады деп хабарлады. Апаттық жағдай қауіп төнген аймақтарға қосымша күш тартылды. 

 

Мақпал СЕРЖАНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу