Францияда Макронның реформаларына қарсы шеру өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Францияда Макронның реформаларына қарсы шеру өтті

10.10.2018

Париж көшелерінде мыңдаған адам шеру өткізді. Кейбір мәліметтерге сай, оған 11,5 мыңдай тұрғын жиналған. Олар президент Эммануэль Макронның жоспарланып отырған әлеуметтік реформаларына қарсы. Демонстрацияға еңбек кәсіподақтары жетекшілік етті. Наразылық акциялары елдің өзге де қалаларында өткен. Шерушілер Макронның мемлекеттік қызметті реформалап, аурухана, университеттер мен зейнетақы саласына қаржы бөлуді қысқарту жоспарын қолдамайды. Сыншылар Францияның қазіргі мемлекет басшысын байлардың президенті деп атап жүр. Бұған Макронның ауқатты компанияларға салықты қысқартып, ал әлеуметтік салықтарды ұлғайтуы түрткі болды.

 

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу