Ингушетияда басшыға қарсы шеру өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ингушетияда басшыға қарсы шеру өтті

09.10.2018

Ингушетия астанасы Магаста республика басшысына қарсы шеру өтті. Тұрғындар Юнус-Бек Евкуровтан отставкаға кетуді және Шешенстанға жер беру туралы келісімді жоюды талап етіп жатыр. Олар бұл талаптары орындалғанша, митингті жалғастыра беретіндерін ескертті.

Айта кетсек, қазанның 4-де республика парламенті Шешенстан мен Ингушетия шекарасы туралы жаңа келісімді мақұлдады. Содан кейін мыңдаған адам орталық алаңға жиналып, билікке наразылық білдірді.

Дегенмен, бейресми мәліметтерге қарағанда, бұл құжатқа депутаттардың басым көпшілігі қарсы дауыс берген. Бірақ, Евкуровтың сөзінше, халық қалаулыларының көбі Шешенстанға жер беру туралы заңды қолдаса да, қазір сол шешімдерін мойындауға қорқып отыр.

Арыстан РЫСБЕК

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу