Путин зейнетақы реформасын бекітті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Путин зейнетақы реформасын бекітті

04.10.2018

Ресейде зейнетке шығу жасын ұзарту туралы заң бекітілді. Оған президент Владимир Путин қол қойған. Бұл реформаға сай, әйелдердің зейнетке шығу жасы 55-тен 60-қа, ер адамдардың жасы 60-тан 65-ке ұзартылады. Өзгеріс биылдан бастап біртіндеп күшіне еніп, 2028 жылға дейін созылады. Яғни, сол уақытқа дейін әр жыл сайын зейнеткерлік жасы алты айға ұзартылып отырады. Ал, 37 жыл жұмыс өтілі бар әйелдер мен 47 жыл еңбек еткен ерлер, көпбалалы аналар зейнетке екі жыл ерте шыға алады. Бірақ, бұл заңның күші әскерилерге, полиция қызметкерлеріне, арнайы қызмет өкілдеріне тарамайды.

Айта кетсек, биыл Ресейде бұл реформаға қарсы ауқымды шерулер өтіп, оларға ондаған мың адам қатысып, Путиннің рейтингі айтарлықтай төмендегені белгілі.

 

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ 

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу