Индонезияда цунами 800-ден астам адамның өмірін қиды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Индонезияда цунами 800-ден астам адамның өмірін қиды

01.10.2018

Индонезияда зілзала мен цунами салдарынан 800-ден астам адам қаза тапты. Елдің вице-президенті Юсуф Калланың мәлімдемесіне қарағанда, құрбан болғандардың саны бірнеше мың адамға жетуі мүмкін. Табиғи апаттан әсіресе, Палу қаласы зардап шегіп отыр. Ақпарат көздерінің хабарлауынша, дүмпу Сулавеси аралында біздің уақытпен сағат төрттер шамасында 7,5 балл болып тіркелген. Жергілікті метеоролог қызметінің мәліметіне сүйенсек, бұл соңғы он жылдықта болған ең ірі жер сілкінісі болып отыр. Соңғы деректер бойынша, Еуропалық одақ Индонезияда зардап шеккендерге 1,5 миллион еуро көлемінде көмек ретінде қаржы бөлмек. 

Мақпал СЕРЖАНҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу