Триполиде қақтығыс күшейіп барады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Триполиде қақтығыс күшейіп барады

25.09.2018

Ливия астанасы Триполиде қарулы топтар арасындағы қақтығыс құрбандарының саны өсіп келеді. Соңғы мәліметке қарағанда, кемінде 115 адам қаза тауып, 400-ге жуығы жараланған. Сондықтан, Франция Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік кеңесін бұл топтарға қарсы санкция жариялауға шақырды.

Айта кетсек, Триполи мен елдің батысы - Біріккен Ұлттар Ұйымына сүйенген үкімет қарамағында. Ал, шығысы - сол үкіметке қарсы әкімшілік бақылауында.

Бұл солтүстікафрикалық мемлекет 2011 жылы Муаммар Каддафи режимі құлағаннан кейін бөлшектенді.  Содан бері жалғасқан әскери жанжалдардан ондаған мың адам Жерорта теңізі арқылы Еуропаға қашты.

Қазір бұрынғы отаршыл державалар Франция мен Италия мұнай мен газға бай Ливияға өз ықпалын жүргізу үшін бәсекеге түсіп отыр.

Арыстан РЫСБЕК

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу