Түркияда мигранттар мінген қайық суға батып, 1 адам қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркияда мигранттар мінген қайық суға батып, 1 адам қаза тапты

24.09.2018

Түркияның оңтүстігінде мигранттар қайығы теңізге батып, 1 адам қаза тапты. Ал, 16-сы құтқарылған. Олардың қатарында 5 бала бар. Полиция келтірген деректерге қарағанда, оқиға Грекияға жақын Бодрум жағалауларында болды. Қайықта сириялық және сомалилік босқындар болғаны анықталып отыр. Қазір зардап шеккендерге көмек көрсетіліп жатыр.

Естеріңізге салсақ, 2015 жылдан бері Таяу Шығыс пен Африка елдерінде жанжалдардан қашқан миллионнан астам мигрант Еуропа елдеріне Түркия арқылы барып жатыр. Ал, жыл басынан бері бас сауғалап Түркия теңіздері арқылы Еуропаға өтпек болған 67 мигрант жан тәсілім еткен.

 

Мақпал СЕРЖАНҚЫЗЫ 

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу