Ресейдің Петербург қаласында зейнетке шығу реформасына қарсы шеру өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ресейдің Петербург қаласында зейнетке шығу реформасына қарсы шеру өтті

17.09.2018

Ресейдің Петербург қаласында зейнетақы реформаларына қарсы жүздеген адамның қатысуымен шеру өтіп, соңы сақшылармен қақтығысқа ұласты. Әзірге зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ. Митинг Ленин даңғылынан 900 метр қашықтағы көшелерде өткені белгілі болды. Мұндай қарсылық акциялар қыркүйек айы басталғалы осымен  3-ші рет өтіп жатыр. Ашуға ерік бергендер полиция қызметкеріне газ шашты деген ақпараттар да тіркелді. Кей деректерге сүйенсек, құқық қорғаушылар да шерушілерді тоқтату үшін көз жасаурататын газ қолданған. 

Айта кетейік, соңғы реформаларға сәйкес, зейнетке шығу жасы ерлер үшін 60-тан 65-ке дейін, ал әйелдер үшін 55-тен 60 жасқа дейін көтеру жоспарланған. 

 Мақпал СЕРЖАНҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.    

Хабарламаларға жазылу