Жапонияда босқындар үшін лагерь салынды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жапонияда босқындар үшін лагерь салынды

10.09.2018

Жапония үкіметі босқындарға арнап сегіз лагерь тұрғызды. Оларға бейсенбі күні 42 адамды мерт қылған жер сілкінісінен зардап шеккендер орналастырылып жатыр. Бүгінге дейін мұнда мыңға жуық адам шоғырланған.

Айта кетсек, өткен аптада Жапонияның Хоккайдо аймағында қуаты 6,7 баллдық зілзаладан 3 миллионға жуық үй жарықсыз қалды. Сонымен қатар, талай баспана қирап, ауызсу жүйесі істен шықты. Қазір жергілікті тұрғындарға жүк машиналарымен су, азық-түлік, дәрі-дәрмек жеткізіліп жатыр.

Арыстан РЫСБЕК

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.    

Хабарламаларға жазылу