Ресейде зейнетақы реформасына қарсы шеру өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ресейде зейнетақы реформасына қарсы шеру өтті

10.09.2018

Ресейде жексенбіде өткен аймақтық сайлаулар кезінде зейнетақы реформасына қарсы шерулер өтті. Наразылық акциялары Мәскеу мен Санкт-Петербургті қоса алғанда елдің 80 қаласында ұйымдастырылған.  Демонстрацияларға оппозиционер Алексей Навальный мен оның жақтастары бастамашылық етті. Бейресми мәліметтерге жүгінсек, Петербургтегі акцияда 500 адам қамауға алынған. Олардың арасында 12 жастағы бала да бар.

Ал, Мәскеуде 9 адам ұсталды. Олардың біреуіне полицияға шабуыл жасады деген бап бойынша қылмыстық іс қозғалып отыр. Дегенмен, елдің ішкі істер министрлігі қанша адамның қамауға алынғаны туралы  нақты санды жарияламай отыр. Ал, үкімет ұсынып отырған зейнетақы реформасына сай, ер адамдардың зейнетке шығу жасын 60-тан 65-ке , ал әйелдердікін 55-тен 60-қа дейін көтеру  қарастырылып отыр. Бұл жоспар президент Владимир Путинді қолдау рейтингін 15 пайызға төмендеткен.  

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.    

 

Хабарламаларға жазылу