Хоккайдода қуаты 6.7 баллдық жер сілкінді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Хоккайдода қуаты 6.7 баллдық жер сілкінді

06.09.2018

Жапонияның солтүстігінде қуаты 6.7 баллдық зілзала болды. Табиғи апаттан 32 адам жоғалып кетіп, 120-сы жараланған. Жер сілкінісінен кейін бұл жерде сел жүрді. Дүмпу Хоккайдо аралында тіркелген. Оның эпицентрі Титос қаласынан 31 шақырым қашықтықта, 39 шақырым тереңдікте  анықталды. Цунами қаупі жарияланған жоқ. Жапонияда зілзала жиі болып тұрады. Оған елдің тектоникалық латосфералық тақтайшалар тоғысында орналасуы себепші.

 

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.    

Хабарламаларға жазылу