Кишиневте сот шешіміне қарсы шеру өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Кишиневте сот шешіміне қарсы шеру өтті

27.08.2018

Молдова астанасы Кишиневте сан мың адам шеруге шығып, соттың қала мэрі сайлауының нәтижесін жоюына наразылық білдірді. Олар қолдарына сол сайлауда жеңіске жеткен еуропашыл кандидат Андрей Настасенің портретін ұстап шықты.

Айта кетсек, Кишинев мэрі сайлауының екінші туры маусымның 3-де өтті. Алайда, Жоғарғы сот оның қорытындысын заңсыз деп тауып, 52 пайыз дауыс жинаған Настасенің басым түскенін жоққа шығарды. Сол үкімнен кейін бірнеше еуропашыл оппозициялық партия ереуіл жариялап, тіпті биліктің соғыссыз отставкаға кетуін талап етті.

 

Арыстан РЫСБЕК

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу