Берлин сыртында орман өртінен жүздеген адам көшірілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Берлин сыртында орман өртінен жүздеген адам көшірілді

24.08.2018

Германия астанасы Берлин сыртында алапат орман өрті қаулап жатыр. Тілсіз жау үйлерге жақындап қалған. Осыған орай жүздеген тұрғын қауіпсіз жерге көшірілді. Түтін иісі Берлин орталығында да сезіледі. Ыстық және желді ауа райынан жалын тез тарап, 300 гектар аумақты күлге айналдырған. Өрт шарпыған жерлерде Екінші дүниежүзілік соғыстан бері жатқан оқ-дәрілерден қауіп төніп тұр. Тіптен, бірнеше жарылыс дауысы естілгені туралы хабарланып жатыр. Отты сөндіруге бульдозерлер мен тікұшақтар тартылған.

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу