Тұрғындар құлаған көпір маңынан көшірілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тұрғындар құлаған көпір маңынан көшірілді

16.08.2018

Италияның Генуя қаласында сейсенбіде құлаған көпір маңынан жүздеген адам қауіпсіз жерге көшірілді. 11 тұрғын үй кешенінде тұратын 600 адам эвакуацияланған. Оларға өз үйлеріне енді қайта оралуға рұқсат беріле ме, жоқ па - ол жағы белгісіз. Қайғылы оқиға болған жерде әлі де қауіп сейілмей тұр. Өйткені, көпірдің өзге де бөліктері опырылып түсуі мүмкін.

Көшірілген адамдар қазір уақытша тума-туысқандарының немесе дос-жарандарының үйлерінде тұрып жатыр. Естеріңізде болса, сейсенбіде Генуяда 1967 жылы салынған көпір құлады. Одан қаза тапқандар саны 39-ға жетіп, 10 адам із-түссіз жоғалып кеткен. Генуяға жақын аймақтарда осы апатқа байланысты төтенше жағдай жарияланды.   

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу