Жапониядағы барлық медицина университеттері гендерлік кемсітушілікке қатысты тексерістен өтпек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жапониядағы барлық медицина университеттері гендерлік кемсітушілікке қатысты тексерістен өтпек

10.08.2018

Бұған дейін Токио медицина мектебі кемінде он жыл бойы түсу емтихандары кезінде ер адамдарға артықшылық беріп келгені анықталған. Ал, әйелдерді оқу орнына қабылдамау үшін олардың ұпайларын кемітіп келген. Бұл жағдай халықтың наразылығына ұшырады. Білім министрлігі мұндай алалаушылық басқа да медицина университеттерінде соңғы 6 жылда болуы мүмкін деген күдігін жариялады. Сол себепті, елдегі медицина саласының барлық 81 жоғарғы оқу орны тексерілетін болды.  

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу