АҚШ Түркияның әділет және ішкі істер министрлеріне қарсы санкция жариялады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АҚШ Түркияның әділет және ішкі істер министрлеріне қарсы санкция жариялады

02.08.2018

Шектеуге сай, екі министрдің барлық америкалық есепшоттары мен активтері бұғатталады. Бұған қоса, АҚШ азаматтарына олармен келісім жасауға тыйым салынды. Құрама Штаттардың қаржы министрлігі Түркияның әділет министрі Абдулхамит Гюль мен ішкі істер министрі Сулейман Сойлуға осы елде қамауда отырған америкалық пастордың ісіне байланысты санкция жариялап отыр. Түркия билігі Пастор Эндрю Брансонның діни уағызшы Фетхуллаһ Гүленмен бірге 2016 жылғы іске аспай қалған әскери төңкеріс әрекетіне қатысы бар деп есептейді. Ал, Брансон өзіне тағылған айыпты жоққа шығарып отыр. Түркияның сыртқы істер министрі Мевлют Чавушоглу болса, АҚШ санкция жариялау арқылы еш нәтижеге қол жеткізбейді деп мәлімдеді.    

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу