Тәжікстанда шетелдік велосипедшілерге шабуыл жасалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тәжікстанда шетелдік велосипедшілерге шабуыл жасалды

30.07.2018

Тәжікстанда шетелдік 4 велосипедші турист қаза тапты. Алдын ала мәліметтерге қарағанда, бұл оқиға теракті болуы мүмкін. Қылмыскерлер көліктерімен велосипед теуіп жүрген 7 шетелдік азаматты қағып, содан кейін оларға пышақ ала ұмтылып, оқ атқан.

Шабуылдан қаза тапқан туристердің екеуі америкалық, біреуі швейцариялық, тағы біреуі голландиялық. Ал жараланғандардың бірі Голландия, екіншісі Швейцария азаматы. Олармен бірге болған француз азаматы зардап шекпеген.

Қылмыскерлер оқиға орнынан іздерін суытқанымен, қауіпсіздік күштері олардың біреуін ұстап, төртеуінің көзін жойды. Қазір оқиғаға қатысты теракт, адам өлтіру, тонау, қарақшылық шабуыл тәрізді бірнеше іс бойынша тергеу жүріп жатыр. Оның барысын ел президенті Эмомали Рахмон өз бақылауына алған.

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу