Дональд Трамп пен Хасан Рухани бір-біріне ескерту жасады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Дональд Трамп пен Хасан Рухани бір-біріне ескерту жасады

23.07.2018

Иран президенті Хасан Рухани АҚШ-ты Ислам Республикасымен соғыспауға шақырды. Сондай-ақ, ол Вашингтоннан «арыстанның құйрығымен ойнаса, өкініп қалатынын» ескертті. «Америка білуі керек, Иранмен ымыраласу барлық ымыралардың анасы, ал, соғысу – барлық соғыстардың анасы болады», - дейді Рухани. Бұл мәлімдемені ол ирандық дипломаттармен кездесуде жасады.

Бір тәулікке жетпес уақыттан кейін президент Дональд Трампқа Руханиге үлкен әріптермен жауап қайтарды. «Ешқашан, ешқашан АҚШ-ты қорқытпаңыз. Әйтпесе, тарихта ешкім тартпаған зардапты тартасыз. Америка сіздің зорлық-зомбылық пен ажал туралы парасатсыз сөздеріңізге  бұрынғыдай төзе бермейді. Сақ болыңыздар!», - деп жазды Трамп «Твиттердегі» парақшасында.

 

Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу