Швецияда ыстықтан өрті 50-ден астам өрт ошағы тіркелді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Швецияда ыстықтан өрті 50-ден астам өрт ошағы тіркелді

23.07.2018

Швецияда рекордтық ыстық ауа райы мен құрғақшылықтан ормандар өртеніп жатыр. Соңғы бірнеше күнде елде 50-ден астам өрт ошағы тіркелді. Тілсіз жау солтүстіктегі Норрботтен ауданынан оңтүстікке дейінгі аумақтарды шарпыған. Лапылдаған жалынмен күреске тікұшақтар, жағалау күзеті, қарапайым тұрғындар қатысып жатыр. Сонымен бірге, оларға Франция, Польша, Италия, Германия және Норвегияның өрт сөндірушілері көмекке барды.

Ауа райын бақылаушылардың мәліметінше, алдағы күндері сынап бағанасы көтеріліп, күн тіпті шыжи түседі. Сол себепті, өрт сөндірушілер күні-түні тынбастан отты тоқтатуға барынша күш салып жатыр.

 

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу