Афиныда АҚШ пен НАТО-ға қарсы шеру өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Афиныда АҚШ пен НАТО-ға қарсы шеру өтті

12.07.2018

Грекия астанасы Афиныда АҚШ-қа және Брюссельде өтіп жатқан НАТО саммитіне қарсы шеру өтті. Оған екі мыңдай адам қатысқан. Демонстранттар солтүстікатлантикалық альянс пен Вашингтонды Таяу Шығыс елдерінің ішкі істеріне араласып, мыңдаған адамға босқындық кебін кигізді деп айыптады.

Наразылық акциясы Афиныдағы ұлттық университет жанында басталып, парламент үйінің қасында жалғасты. Содан кейін манифестанттар Құрама Штаттар елшігінің алдына жиналып, Американы империалист деп айыптады.

 

Арыстан РЫСБЕК

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу