Мумбайда үш күн үздіксіз жауын жауды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мумбайда үш күн үздіксіз жауын жауды

10.07.2018

Үндістанда үш күн бойы дамылсыз жауыннан көлік қозғалысы қиындап кетті. Мәселен, 18 миллион тұрғыны бар Мумбай қаласында су тасқынынан көшелер өзенге айналған. Сондықтан, пойыз тоқтап, қоғамдық көлік қатынасында ауытқулар болып жатыр.

Жергілікті басшылық су апатына байланысты мектептер мен колледждердің оқушыларын демалысқа жіберді. Ауа райын бақылаушылардың мәліметінше, мұнда жауын-шашын әлі 4 күнге созылады.

 

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу