Ресейдің «Прогресс» жүк кемесі ХҒС-на жетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ресейдің «Прогресс» жүк кемесі ХҒС-на жетті

10.07.2018

Ресейдің «Прогресс» кемесі Халықаралық ғарыш станциясына рекордтық уақытта жетті. Ол орбиталық бекетпен әдеттегідей екі күнде емес, 3 сағат 40 минуттан кейін түйіскен. Ал, бұған дейінгі рекорд бұдан бір сағатқа артық болатын. Ғарыш кемесі орбитаға 2,5 тонна жүк, оның ішінде азық-түлік, дәрі-дәрмек, отын мен ғылыми жабдықтар, сонымен бірге, скафандардың соңғы жаңа моделін жеткізді.

 

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу