Иордан өзенінің батыс жағалауындағы бәдәуилер ауылында қақтығыс болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Иордан өзенінің батыс жағалауындағы бәдәуилер ауылында қақтығыс болды

05.07.2018

Онда Израиль қауіпсіздік күштері мен палестиналықтар жер үшін жанжалдасқан. Өйткені, мұндағы Хан әл-Ахмар деген елді мекенге Израиль үш бульдозер кіргізіп, үйлерді сырып, олардың орнына еврейлер үшін қоныс салуды жоспарлап отыр. Сондықтан, осы ауылда тұратын бәдәуилер  қарсылық акциясына шыққан. Қақтығыс кезінде олардың 35-і жараланды. Сонымен қатар, кеше бұл ауданда бәдәуилердің Әбу Нувар деген ауылы да бұзылған.

Израиль үкіметінің мәлімдеуінше, ол территорияларда үйлер заңсыз салынды. Арабтар болса, «құрылысқа еврей мемлекетінен рұқсат алу мүмкін емес»,  дейді.

Арыстан РЫСБЕК

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу