Лос-Анджелесте Трампқа қарсы шеруден кейін 18 адам тұтқындалды

03.07.2018

АҚШ-тың Лос-Анджелес қаласында 18 адам Дональд Трамптың иммиграциялық саясатына қарсы шеруден кейін тұтқындалды. Иммиграциялық орталық сыртында басталған демонстрация кезінде полиция олардың қолдарын кісендеп, алып кеткен. Шерушілер Трамп әкімшілігінің мигранттарға қарсы шаралары балалардың ата-аналарынан ажырауына әкелуіне, әскерилер бақылайтын ұстау орталықтарын салу жоспарына наразы. Құрама Штаттардың түрлі бөліктерінде Ақ үйдің мигранттарға қатысты «нөлдік деңгейдегі төзімділік» саясатын қайта қарауды талап еткен наразылық акциялары тыйылмай жатыр.

Айта кетсек, мамырда осы ұстаным екі мыңдай баланың ата-анасынан ажыратылуына әкелген еді. Бұл жайт республикашыл президенттің жақтастары арасында да наразылық тудырды.

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу