Иранда шерулер қақтығысқа ұласты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Иранда шерулер қақтығысқа ұласты

02.07.2018

Иранның оңтүстік-батысында су тапшылығына қарсы шерулер екінші түн қақтығысқа ұласып отыр. Мұны жергілікті мемлекеттік телеарналар хабарлады. ИРНА агенттігінің дерегінше, Абадан қаласында демонстранттар полицияға оқ атып, банктерге шабуыл жасап, көліктерге от қойған. 

Дәл осындай оқиғалар Абаданға жақын орналасқан Хоррамшахр қаласында да болды. Соңғы мәліметке қарағанда, одан 1 шеруші мен 10 полицей жараланған.

Екі қала да мұнайға бай Хузестан провинциясында орналасқан. Бұл аймақ соңғы бір жылда қуаңшылықтар зардап шегіп отыр.

 

Арыстан РЫСБЕК

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу