Ресейдің 39 қаласында мыңдаған адам зейнетақы реформасына қарсы шеру өткізді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ресейдің 39 қаласында мыңдаған адам зейнетақы реформасына қарсы шеру өткізді

02.07.2018

Наразылық акциялары елдің Тынық мұхит жағалауынан бастап Мурманск қаласына дейін жалғасқан. Ал, футболдан Әлем чемпионаты өтіп жатқан қалаларда демонстрация болған жоқ.

Шеруге қатысқандар - Кремль сыншысы Александр Навальныйдың жақтастары. Олар ерлердің зейнетке шығу жасын 60-тан 65-ке дейін, әйелдер үшін 57-ден 63 жасқа дейін ұзартуға наразы. Ал, үкімет бұл реформа арқылы мемлекеттік қазынаға түскен салмақты жеңілдетуді көздеп отыр.

Шерушілер «Зейнет жасын емес, зейнетақыны өсір!», «Зейнетақыға тиіспеңдер!» деп ұрандатқан. Бұл акциялардың көбі жергілікті биліктің рұқсатымен өтіп жатқандықтан, ешкім қамауға алынған жоқ.

 

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу