Франция өнертапқыштары пицца жасайтын робот ойлап тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Франция өнертапқыштары пицца жасайтын робот ойлап тапты

28.06.2018

Темір аспазды осы елдің «Эким» атты стартап-компаниясы жасаған. Ол шапшаңдығымен ерекшеленеді. Үш қолдың арқасында машина бір пиццаны 4 минут 30 секундта дайындап шығады екен. Ал, 1 сағатта оның 120 данасын жасай алады. Салыстыра кетсек, мейрамхана аспазы 60 минутта 40 пицца дайындайды. Ал, стартап-компания өкілдерінің сөзінше, бұған қарағанда робот тез әрі арзан жұмыс күшіне айналмақ. Әзірге робот жарнама ретінде шоурумға қойылған. Жуырда компания пиццерия ашып, өздері ойлап тапқан темір аспазды сол жерге жұмысқа орналастырмақ.

 

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу