Нигерияда қақтығыстан 86 адам қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Нигерияда қақтығыстан 86 адам қаза тапты

26.06.2018

Нигерияда фермерлер мен жартылай көшпенді бақташылар арасында қақтығыс болып, 86 адам қаза тапты. Қанды оқиға елдің орталығындағы Платео провинциясында болған. Ауыл тұрғындары азайып бара жатқан құнарлы жерге таласып, жанжалдасты.

Вице-президент Йеми Осинбайо мәлімдеме жасап, трагедияны «қатты айыптауға тұрарлық әрекет» деп атап, кінәлілерді жазалайтынын ескертті.

«Рейтердің» есебінше, Нигерияның орталығындағы штаттарында адамдар діни радикалдардың шабуылдарынан гөрі, зорлық-зомбылықтардан көбірек өледі.

 

Арыстан РЫСБЕК

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу