Алжирде интернет 1 сағатқа тоқтайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алжирде интернет 1 сағатқа тоқтайды

21.06.2018

Алжирде интернет мектеп бітірушілер емтихан тапсырып жатқанда бүкіл ел аумағында 1 сағатқа тоқтайды. Бұл шара  қандай да бір алдауға, айлаға жол бермеу үшін қолға алынып отыр.

Тұрғындардың ұялы телефондары мен басқа да байланыс құралдары маусымның 25-не дейін ғаламторға қосылмайды. Бұған елде 2016 жылғы емтихан кезінде түлектердің түрлі заңсыз әрекеттерге баруы себепші. Айта кетсек, биыл Алжирде 700 мыңдай бала мектеп бітіріп жатыр.    

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу