Гавайи аралында Килауэа жанартауы қайта атқылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Гавайи аралында Килауэа жанартауы қайта атқылады

15.06.2018

АҚШ-тың Гавайи аралында Килауэа жанартауы 6 аптадан астам уақыт бойы белсенділік танытып жатыр. Бейсенбіде «отты таудан» 50 метр биіктікке лава атқылаған. Мамырдың 3-нен бері вулкан ішіндегі магманың ағуынан жүздеген кішігірім дүмпу болды. Бұған қоса, арал тұрғындары жанартау айналасынан ерекше құбылысты байқаған. Килауэа лаваның орнына оливин деп аталатын жасыл түсті кристалдар шығарған.

Бұл тастардың түзілуіне жоғары температура ықпал еткен болуы керек. Ал, 42 күн бойы тынышталмай жатқан жанартау 600 баспананы қиратып, төгілген лава 810 гектар аймаққа тарап, одан жерде 22 жарықшақ пайда болған екен.   

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Play Market сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу