Македонияда халық елдің жаңа атауына қарсы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Македонияда халық елдің жаңа атауына қарсы

14.06.2018

Македония астанасында шеру өтті. Халық Грекияның талабы бойынша ел атауының «Солтүстік Македония» болып өзгертілуіне наразы.

Сәрсенбі күні кешкісін қолдарына тулар мен транспаранттар ұстаған екі мыңдай адам парламент ғимараты алдына жиналған. Олар «Жалғыз атау – Македония» деп ұрандатып, патриоттық әндер айтып, үкіметтің отставкаға кетуін талап етті. Ал, тәртіпсіздіктерге жол бермеу үшін мұнда полиция жасақтары тартылған. Соған қарамастан, демонстранттар үкімет ғимаратына қарай бірнеше фаер мен «Молотов коктейльдерін» лақтырды деген мәлімет бар.

 

Мадина РАХЫМБЕК  

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Play Market сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу