Испанияның мәдениет министрі отставкаға кетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Испанияның мәдениет министрі отставкаға кетті

14.06.2018

Испанияның Мәдениет және спорт министрі отставкаға кететіні жайлы мәлімдеді. Максим Уэрта бір апта бұрын ғана осы қызметке тағайындалған еді.

Министрдің бұл шешімді қабылдауына ақпарат құралдарында оның бұрын салық төлеуден жалтарғаны жайлы мақалалардың жарияланғаны себеп болған. Нәтижесінде ол қызметін босатуды шешкен. Алайда, мойнына тағылған кінәні мойындаудан бас тартты. 

Ал, бұқаралық ақпарат құралдарының деректерінше, Уэрта 2006-2008 жылдары телевидениеде жұмыс істеп жүргенде жасаған алаяқтығы үшін 243 мың еуро төлеуі тиіс болатын.

 

Мадина РАХЫМБЕК

Хабарламаларға жазылу