Д.Трамп Оңтүстік Кореямен бірлескен әскери жаттығулардың тоқтайтынын мәлімдеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Д.Трамп Оңтүстік Кореямен бірлескен әскери жаттығулардың тоқтайтынын мәлімдеді

13.06.2018

АҚШ президенті Дональд Трамп Оңтүстік Кореямен бірлескен әскери жаттығулардың тоқтайтынын мәлімдеді. Бірақ, оның бұл шешімі Пхеньянның ығына  жығылу ретінде қабылданып, Вашингтонның одақтастарын қатты таңқалдырып отыр. Оңтүстік Корея президентінің Көк үйі болса, Трамптың осы сөзінің нақты нені меңзейтінін түсінгісі келеді.

Ким Чен Ын де кешегі саммиттен кейінгі алғашқы мәлімдемесінде ашуға тиетін дұшпандық әрекеттерді тоқтату қажеттігін айтқан. Өйткені, Пхеньян Вашингтон мен Сеул жыл сайын өткізетін бұл әскери маневрларды Солтүстік Кореяны басып алуға дайындық деп санайды.

Саммитке дейін мұндай соғыс ойындарын Трамп жақтап келген-ді. Енді Ақ үй басшысы оларды шығыны мол арандатушылық деп атап отыр. 

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Play Market сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу