Грекия мен Македония арасында 20 жылға созылған дау шешімін тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Грекия мен Македония арасында 20 жылға созылған дау шешімін тапты

13.06.2018

Скопьеде екі ел өкілдері арасында өткен келіссөздерде Македония мемлекетінің атауын өзгерту келісілді. Бұдан былай, ол Солтүстік Македония Республикасы деп аталады. Айта кетсек, Грекияның Македония атты облысы бар. Бұл екеуін шатастырмас үшін Афины көршілес мемлекеттің атауын өзгертуді талап етіп келген. Бұл келіспеушіліктер Македония мемлекетінің НАТО мен Еуроодаққа мүше болуына кедергі болған еді.

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Play Market сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу