Түркияда Әзірбайжан газын Еуропаға тасымалдайтын құбыр ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркияда Әзірбайжан газын Еуропаға тасымалдайтын құбыр ашылды

13.06.2018

Елдің Эскишехир провинциясында өткен салтанатты шараға Түркия президенті Реджеп Тайып Ердоған мен Әзірбайжан президенті Ильхам Әлиев, сонымен бірге Сербия, Украина басшылары қатысқан. Жоба жұмысы бұған дейін белгіленген уақытынан бұрын басталып отыр. Түрік басшысының сөзінше, «ТАNAP» Еуропаға газ тасымалдайтын ең үлкен құбыр болмақ. 

Бұған қоса, құбыры арқылы 2019 жылдың маусымында алғаш рет құны 8 миллиардқа жуық көгілдір отынды Грекияға жеткізу жоспарланып отыр.

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Play Market сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу