Чили астанасы Сантьягода қар жауды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Чили астанасы Сантьягода қар жауды

12.06.2018

Соның салдарынан қала көшелеріндегі көлік қатынасы қиындап кеткен. Алайда, жергілікті тұрғындар ауа райының мұндай тосынсыйына мәз-мейрам. Балалармен қатар, ересектер де далаға шығып, суретке түсіп әлек. Адамдар, тіпті, жұмыс орындарын тастап, бір-біріне қар атып, ойнай бастаған.

Синоптиктердің болжамынша, Сантьягода алдағы күндері ауа температурасы төмендейді.

Ал,  «Қазгидромет» мамандары Қазақстанның екі облысында дауылды ескерту жариялады.

Түстен кейін Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, шаңды дауыл көтеріледі деп болжануда. Бұршақ жаууы мүмкін. Синоптиктердің мәліметінше, Қостанай облысының кей жерлерінде де найзағай ойнап, тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғып, бұршақ жаууы ықтимал.

 

Мадина РАХЫМБЕК

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Play Market сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу