АҚШ Х.Колумбтың жаңа материкті ашқаны туралы жазған хатын Испанияға қайтарды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АҚШ Х.Колумбтың жаңа материкті ашқаны туралы жазған хатын Испанияға қайтарды

07.06.2018

АҚШ әйгілі жиһанкез Христофор Колумбтың жаңа материкті ашқаны туралы жазған хатын Испанияға қайтарды. Тарихи түпнұсқа қайта қалпына келтірілген. Бұрын Каталониядағы ұлттық кітапханада тұрған бұл хатты белгісіз біреулер ұрлап әкетіп, орнына көшірмесін қойып кеткен еді. Кейін АҚШ пен Испания органдары бірлесіп, Колумбтың естелік хатын тапқан. Дегенмен, оны кімдердің ұрлағанын және оның қалай табылғанына қатысты ақпарат құпия сақталып отыр.  

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Play Market сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу