АҚШ НАТО-ны әскер санын көбейтуге шақырды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АҚШ НАТО-ны әскер санын көбейтуге шақырды

06.06.2018

АҚШ Солтүстік атлантикалық альянсы Ресейден төнген қауіпке қарсы тұру үшін көбірек әскер әзірлеуге шақырды. Өйткені, бұл идея Пентагонның 2018 жылғы Ұлттық Қорғаныс Стратегиясына сәйкес келеді. Вашингтонның пайымынша, Мәскеу қазір НАТО-ны ыдырату жолдарын іздестіріп жатыр.

Ал, осы альянстың Бас хатшысы Йенс Столтенбергтің мәлімдеуінше, әскери одақтың жаңа жоспарына сай, 30 құрлықтық батальон, 30 әуе эскадроны және 30 әскери кеме 30 күннің ішінде соғысқа дайын болуы керек. Сонымен қатар, Столтенберг НАТО әскерлері Атлантика мен Еуропа аумағында қажет жерге кешікпей жететін мүмкіндіктерге ие болуы тиіс. Бұл мәселені НАТО-ға мүше елдердің Қорғаныс министрлері алдағы екі күнде талқылайды.

 

 

Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу