Вашингтон тарифті көтерді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Вашингтон тарифті көтерді

01.06.2018

АҚШ одақтастарымен сауда соғысына жақын. Соңғы мәліметке қарағанда, Вашингтон Еуропа одағынан, Канададан, Мексикадан келетін болатқа тарифті 25 пайызға, алюминийге баж салығын 10 пайызға көтерді. Мұны Құрама Штаттардың Сауда министрлігі хабарлады. Ол туралы қаулы жергілікті уақытпен бейсенбі күні түнгі сағат 12-де өз күшіне енеді

Еуропа одағы АҚШ-тың бұл шешімін «қарапайым протекционизм» деп атап, Америка экономикасының жекелеген секторларына қарсы шара қолданатынын ескертті. Осыған ұқсас мәлімдемені Канада да жасап, Вашингтонның тарифті көтеруін «масқаралау» деп атап өтті.

Айта кетсек, бұған дейін президент Дональд Трамп Қытайдан импортталатын өнімдерге де салықты көтеретінін жариялағаны белгілі.

Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу