Элликот қаласын тағы топан басты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Элликот қаласын тағы топан басты

29.05.2018

АҚШ-та 2016 жылы болған алапат су тасқынынан енді ес жиған Мэриленд штатындағы Элликот қаласын тағы топан басты. Видеода лас судың үлкен жылдамдықпен шаһар көшелерімен ағып жатқанын көруге болады. Оның деңгейі ғимараттардың бірінші қабатынан жоғары көтерілген.

АҚШ-тың Ұлттық метеорологиялық қызметі аймақтағы жағдайды «аса қауіпті» деп атады. Сондықтан, мамандар жергілікті тұрғындарға өте сақ болуды ескертіп отыр.  

«Рейтердің» хабарлауынша, су астында қалған көшелердің арасында екі жылғы апаттан кейін жақында ғана қалпына келтірілген Мэйн Стрит те бар. Онда екі адам қаза тауып, қалаға үлкен зақым келген еді.

Мадина РАХЫМБЕК

Хабарламаларға жазылу