Қарыздың өсуі ғалам экономикасына қауіпті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарыздың өсуі ғалам экономикасына қауіпті

24.05.2018

«Корпоративтік және мемлекеттік қарыздардың өсуі болашақта  әлемнің көптеген экономикаларына салмақ түсіріп, оларды қаржылық қауіпке душар етпек». Мұны бүгін Санкт-Петербургте ашылған экономикалық форумда Халықаралық валюта қорының басшысы Кристин Лагард ескертті. Сонымен қатар, оның мәлімдеуінше, тарифтерді көтеру дүниежүзілік саудадағы өзара сенімді сетінетуі мүмкін. Ал, Ресей Есеп палатасының жаңа төрағасы Алексей Кудрин Батыс жариялаған соңғы санкциялар Ресейдің жалпы ішкі өнімі өсімін 0, 5 пайыза төмендететінін атап өтті.

Айта кетсек, жақында АҚШ Кремль басшысы Владимир Путинге жақын 24 ресейлікті Америкада 2016 жылы өткен сайлауға араласты және өзге де «зиянды әрекеттерге» барды деп санкциялық тізімге енгізгені белгілі.

Арыстан РЫСБЕК

 

Хабарламаларға жазылу