Қытайдың солтүстік-батысында құмды дауыл көтерілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қытайдың солтүстік-батысында құмды дауыл көтерілді

21.05.2018

Мемлекеттік «CCTV» телеарнасының мәліметінше, алапат шаң-тозаң Цзюцзянға соққы беріп, бір сағатта әрең басылған. Ал, Ганьсу провинциясы 15 минут ішінде құмның астында қалды.

Ауаның мұнша ластануы тыныс алу жолдары ауруына шалдыққан адамдар үшін қауіпті. Сонымен бірге, айналада ештеңе көрінбей, көліктер тоқтауға мәжбүр болған.

Жергілікті ауа райын бақылаушылар дауыл қаупі әлі 12 сағат бойы сақталатынын ескертіп отыр.  

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

«Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын AppStore және Play Market сервистерінен тегін жүктеп алыңыз.

 

Хабарламаларға жазылу