Венесуэлада президенттік сайлау өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Венесуэлада президенттік сайлау өтті

21.05.2018

Венесуэлада жексенбі күні президенттік сайлау өтті. Бақылаушылардың пікірінше, қазіргі президент Николас Мадуро негізгі қарсыластары – «Ілгерінді авангард» партиясының лидері Энри Фалькон мен бұрынғы дін қызметшісі Ксавьер Бертуччиден озуы мүмкін.

Әуелде Мадуро мырза өзінің «Твиттердегі» парақшасында халықты сайлауға белсенді қатысуға шақырған болатын. Дегенмен, оппозиция азаматтардың дауыс беруге асықпағанын мәлімдеді. Ал, ресми деректерге сай, өз қалауларын білдіруге келгендердің жалпы саны 32,5 пайызға ғана жеткен екен.

Айта кетейік, Венесуэланы 2025 жылға дейін басқаратын жаңа мемлекет басшысын ұлықтау рәсімі келер жылдың қаңтар айына белгіленді.  

Мадина РАХЫМБЕК

«Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын AppStore және Play Market сервистерінен тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу