БҰҰ Газа секторына жәрдем беруге үндеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

БҰҰ Газа секторына жәрдем беруге үндеді

18.05.2018

Газа секторы мен Израиль шекарасындағы тәртіпсіздіктерден жапа шеккен палестиналықтарды емдеу мен оңалтуға 24 миллион доллардан астам қаражат қажет. БҰҰ мыңдаған адамға медициналық жәрдем көрсету үшін шұғыл түрде ақша бөлуге үндеп отыр. Қазір Газа секторындағы ахуал тіптен нашарлап кеткен.

Мамырдың 15-де шеруге шыққан палестиналықтарға израиль әскерилері оқ жаудырды. Содан 60-тан астам адам қаза тауып, 3 мыңға жуығы жараланған.  Қақтығыстар наурыздың соңынан бері жүріп жатыр. Халықаралық гуманитарлық ұйымдардың мәліметінше, осы уақытқа дейін тәртіпсіздіктерден 10 мыңнан астам адам жапа шеккен. Израиль әскерилерінің әрекетін халықаралық қауымдастық сынға алды.

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

«Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын AppStore және Play Market сервистерінен тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу