Қытайда бір әйел 2247 баланы асырап алды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қытайда бір әйел 2247 баланы асырап алды

14.05.2018

Қытайда Лю немесе Лили есімді әйел 2247 баланы асырап алып, нағыз батыр ана атанып отыр. Ол Бейжіңде жетімдермен 12 жыл бойы жұмыс істеген. Ал, 2006 жылы Лю Личжинь «Кішкентай гүлді суар» атты коммерциялық емес ұйым құрды.

«Бұл жерде ешқандай саясат жоқ. Көптен бері балалармен жұмыс істеп келемін. Олар күлімдеп қарағанда, жаным рахаттанады. Бұл жеткіншектер  – өмірімнің мәні», - дейді қытайлық азаматша.

Лилидің өз баласы болмаған.  Қазір оның қамқорлығында тумысынан кем және тастанды сәбилер аз емес.

Қытайдың Азаматтық істер министрлігінің 2015 жылы жариялаған мәліметінше, елде жарты миллионнан астам жетім бала бар. Солардың көбінен ата-аналары денсаулығында кемістік болғаны үшін бас тартқан.

Арыстан РЫСБЕК

«Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын AppStore және Play Market сервистерінен тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу