Қытай Жер бетін бақылайтын серік ұшырылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қытай Жер бетін бақылайтын серік ұшырылды

10.05.2018

Қытай Long March 4C зымырантасығышының көмегімен Жер бетін қашықтықтан бақылайтын серікті орбитаға шығарды. Бұл туралы «Рейтер» агенттігі хабарлап отыр.

Гиперспектрлік визуализациясы бар аппаратты Қытайдың аэрокосмостық ғылым және техника корпорациясы жасаған. Жоспар бойынша ол ғарышта сегіз жыл бойы қызмет етеді.

Жаңа спутниктің мақсаты – ауаны ластану көздерін анықтау, сондай-ақ, атмосферадағы парниктік газдар мөлшерін өлшеу.

 

Мадина РАХЫМБЕК

Хабарламаларға жазылу