Бүгін 71-ші Канн кинофестивалі ашылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін 71-ші Канн кинофестивалі ашылады

08.05.2018

Бүгін Канныда 71-ші халықаралық кинофестиваль ашылады. Байқау ирандық режиссер Асгар Фархадидің «Бұны бәрі біледі» атты психологиялық триллердің көрсетілімінен басталады. Фильмдегі басты рөлдерді Пенелопа Крус пен Хавьер Бардем сомдайды.

Негізгі конкурстық бағдарлама аясында  21 картина ұсынылмақ. Олардың арасында Жан-Люк Годар, Маттео Гарроне, Цзя Чжанкэ және Джафар Панахидің жаңа еңбектері бар. 

Киноиндустрия саласындағы ең маңызды шаралардың бірі мамырдың 19-да аяқталады.

Мадина РАХЫМБЕК

«Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын AppStore және Play Market сервистерінен тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу