Никол Пашинян премьерлік үшін қайта бақ сынамақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Никол Пашинян премьерлік үшін қайта бақ сынамақ

03.05.2018

Армения оппозициясының лидері Никол Пашинян өз кандидатурасын премьерлікке қайта ұсынады. Сол үшін ол депутаттардың үштен бірінің қолын жинаған. Ал, мамырдың 8-де өтетін сайлауда мұнша дауыс алған жағдайда, оның кандидатурасын тіпті биліктегі Республикалық партия да қолдауға әзір. Сонымен қатар, бұл партия үкімет басшылығына өз кандидатын ұсынған жоқ.

Мамырдың 1-де Никол Пашинян премьер болу үшін депутаттардың қажетті дауысын жинай алған жоқ. Содан кейін ол өз жақтастарын азаматтық бағынбаушылық акциясын өткізуге шақырып, шерушілер елдің негізгі магистральдарын жауып тастаған еді.  

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

«Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын AppStore және Play Market сервистерінен тегін жүктеп алыңыз.
 

 

Хабарламаларға жазылу